Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Kia-ның ҚР ресми дистрибьюторы Қазақстанда Kia K8 бизнес седанының нарыққа шығарылғанын хабарлайды. Жетілдірілген жабдықтар мен тамаша жүріс сапасының бірегей үйлесімінің арқасында ол өз сегментінде жаңа стандарттарды қалыптастырады.
Kia K7 жетістігін дамыта отырып, бизнес-седан сегментінде басымдыққа қол жеткізуге деген ұмтылыста К8 шешуші қадам болды (бірқатар нарықта Kia Cadenza ретінде ұсынылды). Модель атауының өзгеруі премиалды жабдықталым мен динамиканың жаңа деңгейіне жасаған сапалы қадамды көрсетті.
Автокөліктің ұзындығы 5 015 мм, ал дөңгелек базасы 2 895 мм, демек, салон кеңейе түскен. Багаж бөлігінің көлемі – 510 литр.
Kia K8 интерьерінің әрбір элементі сән-салтанат пен стильдің ең жоғары деңгейінің қағидалары бойынша жасалған. Мұндағы жоғары технологиялар байланыстың озық мүмкіндіктерін және ақпараттық-ойын-сауық функцияларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан нарығына күшті Smartstream 3,5 GDI (300 а.к.) қозғалтқышымен, 8 жылдамдықты «автоматпен» және алдыңғы жетекпен жабдықталған К8 ұсынылды. Модельде Drive Wise қауіпсіздік жүйелерінің кең жиынтығы қамтылған.
21 990 000 теңгеге тең Prestige жабдықталымында басқалармен қатар, LED-оптика, диаметрі 19" жеңіл қорытпалы дискілер, 14 динамигі бар Meridian премиум-аудиожүйесі, айналаны шолып қарау жүйесі, интерьерді атмосфералық жарықтандыру, орындықтарды табиғи былғарымен әрлеу, алдыңғы орындықтарды желдету, жүк салғыш қақпағының электр жетегі бар.
Құны 24 990 000 теңге тұратын Premium жабдықталымына панорамалық төбе, құралдардың проекциясы, Nappa табиғи былғарысынан жасалған орындықтардың әрлемесі, артқы орындықтарды желдету, артқы қатарға арналған жеке климаттық бақылау, мультимедиалық басқару жүйесі бар артқы орындықтардың орталық шынтаққойғышы, Stop&Go қызметі бар интеллектуалды круизді бақылау және т.б. кіреді.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20: 00
Сб-Жс 10:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – DOSCAR Astana ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»